ОҚКА ортопедтері бір мезетте үш ота жасап ер адамды аяққа тұрғызды
Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасына 44 жастағы ер адам түсті. Диагнозы: оң жақ жамбастың артқы шығуы, оң жақ сан сүйегі басының асептикалық некрозы, оң жақ тізе буынының бүгу контрактурасы. Аталған диагноз шұғыл әрі өте күрделі араласуды қажет етті.
19:34 17.01.2024
Білікті травматолог- ортопедтер: Қанат Тәуекелов, Арман Абдуразаков, Руслан Токушев және анестезиологтар командасы өте жауапты отаны жүзеге асырды.
Науқастың сөзінше, ол соңғы 6 айда ол тұра алмай үйінде жатқан.
Жіті клиникалық тексерістен кейін бір уақытта үш бірдей ота жасау туралы шешім қабылданды.
Бірінші кезеңде ұршық ойығының артқы қабатындағы ақауды ескере отырып, дәрігерлер оң жақ жамбас буынына алғашқы-ревизиялық эндопротездеу жасады. Екінші кезеңде тізе буынының қалыпты бүгілуін қамтамасыз ету үшін тізе буынының иілгіш байламдарын кесу болды, соңғы үшінші ота - тізе буынының бірте-бірте созылуына арналған Илизаров трпсалы-бізді-өзекті аппаратын орнату жасалды.
Кіші жіліктік жүйке нейропатиясы және компартмент-синдромы сияқты қауіпті асқынуларға байланысты дәрігерлер отадан кейінгі кезеңде тізе буынының біртіндеп кеңеюін қамтамасыз ете отырып, отаны сәтті орындап шықты.
Компартмент-синдромы - бұл микроциркуляцияның бұзылуына және соның салдарынан тіндердің некрозына әкелетін субфасциалды кеңістікте қанның жиналуына байланысты субфасциалды қысымның жоғарылауымен сипатталатын трансрадиалды қол жеткізудің өте сирек кездесетін асқынуы.
«Илизаров топсалы-бізді- өзекті аппарат көмегімен түзету күн сайын жүргізілді, бұл күтілген нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Алты ай ішінде жүйке жүйесі мен қан тамыры икемділігін жоғалтқан. Ота асқынусыз өтіп, сәтті аяқталды. Бізді-өзекті аппарат бір айға жуық уақыт науқаста болды, содан кейін тізе буынын асқынусыз түзету мүмкіндігі пайда болды. Илизаров аппаратын алып тастағаннан кейін екі апта бойы гипс лангетасы қолданылды. Бұл науқас белсенділік танытып, оң аяғын басуы үшін бұл жағдайдан ең аз асқынумен шығуға мүмкіндік берді», - дейді Қанат Тәуекелов.
Осылайша медицина қызметкерлерінің бірлескен жұмысы мен заманауи технологиялардың көмегімен науқас күрделі жарақат пен зардапты сәтті жеңіп, белсенді өмір сүру мүмкіндігіне ие болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!