Ақша айырбастау орындарында доллар 453-456 теңгеден саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 453– 456 теңгеден саудаланып жатыр.
Фото: Kazinform
09:50 18.01.2024
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,1 – 455,7 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 453 – 456 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 18 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 452,95 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,13 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,01 – 5,19 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5 - 5,1 теңгеден сатылуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!