{metadescription}
Жауған қалың қар елдің көлік жүйесіне зор нұқсан келтірді

Жауған қалың қар елдің көлік жүйесіне зор нұқсан келтірді

Сәрсенбі күні Бельгияның бірқатар бөлігінде көп мөлшерде қар жауды. Атмосфералық циклон елдің басты әуежайларында, теміржол және автомобиль жолдарында қиындықтар туғызды, деп хабарлайды Kazinform.

Жауын-шашын елдің оңтүстігінен солтүстікке қарай жылжиды. Сәрсенбі күні кешке қарбалас уақытта Бельгия астанасының айналасындағы негізгі тасжолдарда кептеліс орнап, жергілікті пойыздар ұзақ уақытқа кешігіп келуде, Брюссель әуежайындағы рейстер де кешігіп жатыр.

Жергілікті жол компаниясының хабарлауынша, жауын-шашын басталғалы жол бетіне шамамен 1 мың тонна тұз шашылды, бірақ кей жолдарда әлі де көктайғақ болып тұр.

«Тайғақ жолдардағы жағдайды толығымен түзете алмаймыз. Төбешіктер мен көпірлерде абай болыңыз, өйткені тұзды дұрыс тарату қиын», - делінген коммуналдық компанияның мәлімдемесінде.

Жергілікті көлік тасымалдаушы пойыздарда жиі кешіге бастады. Фламандтық Брабант пен Лимбургте кейбір пойыздар тоқтатылды. Гент-Синт Питерс аймағында да пойыздар кешігіп жатыр.

Брюссель әуежайында да проблемалар бар. Жұмысшылар ұшу-қону жолақтарындағы қарды тазалауда қиындыққа тап болды. Әуе кемелері екі сағаттан астам уақытқа кешігіп ұшып-қонуда, кейбір рейстер тоқтатылуы мүмкін.

Жергілікті синоптиктердің болжамынша, Бельгияда қар 18 қаңтар таңына дейін жауады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде