{metadescription}
Павлодар облысында алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Павлодар облысында алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ жеке азаматтарға 25 млн теңгеден астам қаржылай шығын келтірген. Олардың арасында Ақсу қаласының екі тұрғыны бар. 

Алаяқтар ұзақ уақыт бойы Ақсу қаласының тұрғындарын, оның ішінде Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлерін алдап, үлкен көлемдегі ақшалай қаражатты иемденген. Олардың арасында жергілікті 2 азамат болған.

Топ мүшелерін Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция ведомствосының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ұстады. 

- Ұсталғандардың алаяқтық бойынша 6 фактіге қатысы бар, тұрғындарға 25 миллион теңгеден астам ірі шығын келтірген. Сондай-ақ, олардың облыс аумағындағы өзге де фактілерге қатысы тексеріледі. Күдіктілер уақытша қамау мекемесіне орналастырылды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Диас Қадыров.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде