{metadescription}
Шетелдік автокөлігін тіркеп үлгермегендер не істеу керек – ІІМ жауабы

Шетелдік автокөлігін тіркеп үлгермегендер не істеу керек – ІІМ жауабы

Ішкі істер министрлігі шетелден әкелген автокөліктерін тіркеп үлгермеген қазақстандықтарға нұсқаулық ұсынды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру өткен жылы қаңтарда қолға алынды. Осы күнге дейін автокөлігін тіркемеген азаматтар, көлігі техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда арнайы төлемдерді жасауы тиіс», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Министрліктің ақпаратында айтылғандай 304 мыңнан астам шетелдік автокөлік тіркелді. Оның 21 мыңы — автоконструктор. 55 мың автокөлік уақытша есепке алынды. 

«Шетелдік автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз», - дейді ведомстводан. 

Дереккөз: KAZINFORM

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде