Пәкістан Иран аумағына соққы жасағанын растады
Фото: ИРНА
13:11 18.01.2024
Пәкістан таңертең Marg Bar Sarmachar контртеррористік операциясын жүргізді, соның аясында Иранның Систан және Белуджистан провинциясында орналасқан лаңкестердің нысанына соққы берілді, деп хабарлайды kazinform.
Пәкістан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, операция аясында бірнеше лаңкес жойылды.
«Бүгін таңертең Пәкістан Иранның Систан және Белуджистан провинциясындағы лаңкестердің баспаналарына жоғары деңгейде үйлестірілген және мақсатты дәлдікпен бірқатар әскери соққылар жасады. Қолда бар барлау деректері негізінде жүргізілген Marg Bar Sarmachar кодтық операциясы кезінде бірнеше террорист өлтірілді”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!