{metadescription}
Алматы әкімі тұрғындардың қар тазалауға қатысты шағымына жауап берді

Алматы әкімі тұрғындардың қар тазалауға қатысты шағымына жауап берді

Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындардың кеше жауған қардан кейін тротуарлар мен аулалардың тазалануына қатысты шағымына жауап берді.

Ерболат Досаевпен кездесу барысында Түрксіб ауданы тұрғындардың бірі жауған қардан кейін қалада жүру мүмкін емес екенін айтып шағымданды. Айтуынша, шаһардағы тротуарлар мен аула іші қардан тазартылмаған немесе нашар тазалаған.

«Біз негізгі магистральді көшелерді тазаладық, аялдама маңы қалың қардан аршылды, тротуарлардағы жұмыстар аяқталуға жақын. Бұл қалыпты жағдай. Мен өз әріптестеріммен салыстыратын болсам, олардың жағдайы әлдеқайда нашар. Алматыда бәрі керемет деп айтпаймыз, қардан тазаланбаған аулалар бар. Бірақ мен де қаланы аралап, олардың қалай тазаланып жатқанын бақылап отырамын. Бүгін Сүйінбай көшесімен жүріп келе жатып, жолдың тазаланғанын көрдім», - деп жауап берді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Алматы әкімі кешегі жауған қардан кейін коммуналдық қызметшілер барлық көшелерді тазалап үлгермей жатқанын және бір түнде қаладан 10 мың текше метрден астам қар шығарылғанын атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде