Электрсамокаттарға бөлек жол салу қарастырылып жатыр – ІІМ
Елімізде электрлі самокат, мопед, скутер жүргізушілеріне арналған жол салу қарастырылып жатыр.
Фото: Ашық дереккөзден
14:27 18.01.2024
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті.
«Жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұған дейін де мопед, электрлі самокат, скутер жүргізушілеріне қойылатын талаптардың қатаңдай түсетіні туралы айтылды. Енді заң бойынша реттелді. Іс профилактикалық іс-шара, акциялармен шектелмейді, жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылады. Сонымен қатар самокат, скутерлерді жалға беретін ұйымдармен де жұмыс істейміз. Олар GPS арқылы басқарылады және қозғалыс жылдамдығын шектеуге болады, ондай функция бар. Электрлі скутерлердің қозғалысының ең жоғары жылдамдығы сағатына 6 шақырымға көзделген», - деді Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ІІМ өкілі самокаттарға арналған паркинг мәселесі де қаралғанын айтты.
«Өйткені, қолданушылар самокаттарды әр жерге тастап тастап кетеді. Жол желісін қай қалаларда салу керектігіне мониторинг жасап, қалай дамуы шешіледі. Жұмысты жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргіземіз», - дейді спикер.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!