{metadescription}
Алматылықтар қаладағы көпірлердің ақауларына қатысты мәселе көтерді

Алматылықтар қаладағы көпірлердің ақауларына қатысты мәселе көтерді

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев шаһардағы көпірлердің жігі неліктен ажырап жатқанын түсіндірді.

Түрксіб ауданы тұрғындарының бірі қала әкімінен көпірлердегі ақаулар туралы сұрады.

«Рысқұлов даңғылында бірнеше көпір бар және оларда мезгіл-мезгіл деформациялық ақаулар пайда болып тұрады», - деді ол.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, қыста бетон конструкциялары қысқарып, соның салдарынан деформацияға ұшырайды.

«Рысқұлов даңғылында бір көпір қалды, ондағы ақау жөнделеді, қаржы бөлінді. Өздеріңіз білетіндей, қыста бетон конструкциялары қысқарады, нәтижесінде деформациялық ажырау кеңейеді, ал жазда керісінше. Сондықтан резеңке тігіс толтырғыштары жыртылады. Өткен жылы алты көпір құрылымына біз неміс өндірісінің толтырғыштарын орнаттық», - деп түсіндірі басқарма басшысы.

Қала әкімі Ерболат Досаев қазір қолайлы технологиялар іздестіріліп жатқанын жеткізді.

«Көпір құрылымдары қозғалады, сондықтан біз оңтайлы шешімдерді іздейміз. Біз әртүрлі технологияларды қарастырамыз, енді неміс технологиясының қалай болатынын көреміз»,- деп атап өтті әкім.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде