Таиландта отшашу фабрикасында жарылыс болып, 20 адам қаза тапты
Қазіргі кезде жарылыстың себептері анықталып жатыр.
11:12 18.01.2024
Таиландтың орталығындағы отшашу шығаратын зауытта жарылыс болып, кем дегенде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Associated Press хабарлауынша, қайғылы оқиға елдің Супханбури провинциясында болған. Жарылыс радиусы 50-100 м жеткен. Сол күні жұмысқа зауыттың 20-ға жуық қызметкері шыққаны белгілі болды.
Елдің Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою департаменті нақты қанша адамның зардап шеккенін әзірге нақтылаған жоқ. Ел премьер-министрі Сетти Тхависиннің кеңсесі телефон арқылы жарылыс кезінде зауытта шамамен 20-30 адам болғанын және олардың ешқайсы табылмағанын мәлімдеген видео жариялады. Тависиннің өзі Швейцарияда Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда жүр.
Қазіргі кезде жарылыстың себептері анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!