{metadescription}
Балық өсірушілерге су ақысының 40 пайызын мемлекет төлеп бермек

Балық өсірушілерге су ақысының 40 пайызын мемлекет төлеп бермек

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев БАҚ өкілдеріне балық өсірушілерге берілетін жаңа субсидиялар туралы мәлімет берді.

«Екі жаңа субсидия дегенімнің бірі балық өсіруге пайдаланатын суды беру құнының шығынын ішінара өтеуді көздейді. Бұл субсидия суармалы егістік өкілдеріне берілетін субсидияға қарап отырып әзірленді. Балық өсіруге пайдаланылған судың құнынан 40 пайызына дейін мемлекет өтеп береді», — деді вице-министр.

Айтуынша, балық шаруашылығын дамытуға арналған заң жобасында балық өсіру жобасына алынған несиенің пайыздық сыйақысын ішінара өтеу ұсынылып отыр.

«Балық өсіретін қожалықтар жобаға несие алады дейік. Сол кредитке ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі сияқты 6 пайызға дейін субсидия беріледі. Нарықта кредиттің пайыздық мөлшерлемесі 20-22 пайыз ғой, соның 6 пайызын — өзі, қалғанын — мемлекет өтеп береді», — деді Нұркен Шәрбиев.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде