Қазақстанның 10 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
Синоптиктер Қазақстанның 10 қаласы тұрғындарына ескерту жасады.
Фото: baq.kz сайтынан алынды
18:26 18.01.2024
Қазгидромет болжамына сәйкес, 19 қаңтарда Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!