{metadescription}
234 мемлекеттік қызметшіге үстеме жұмыс істегені үшін қосымша тынығу сағаты берілді

234 мемлекеттік қызметшіге үстеме жұмыс істегені үшін қосымша тынығу сағаты берілді

Өткен жылы 234 мемлекеттік қызметшіге үстеме жұмыс істегені үшін қосымша тынығу сағаты берілді.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылғы жұмысын қорытындысына арналған жиында ведомство басшысы Дархан Жазықбай айтты.

«Мемлекеттік органға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуын мониторингілеу үшін ақпараттық жүйелерде көрсетілген мәліметтер, Агенттікке мемлекеттік органдар ұсынатын деректер, ҚББЖ-жүйесінің деректері, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар қолданылады. Мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталу мониторингі мемлекеттік органдарға бару жоспарына сәйкес бір тоқсан ішінде кемінде бір рет жүзеге асырылады», - деді ол.

Оның айтуынша, өткен жылы мемлекеттік органдардағы мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерге байланысты 234 мемлекеттік қызметшіге қосымша тынығу сағаты беріліп, 53 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің мансабы мен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін шаралар қабылданды.

«Іске асырылған бастаманың арқасында өткен жылы мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір санаты қашықтықтан немесе аралас қашықтықтан, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Бұл шаралар мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға оң әсерін тигізеді. Осылайша, икемді жұмыс уақытын пайдалану тәжірибесі өткен жылы 72,4 пайызға өсті. 2022 жылы икемді кестені 835 мемлекеттік қызметші пайдаланса, 2023 жылы олардың саны 3024 адамды құрады», - деді агенттік басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде