{metadescription}
Солтүстік Корея жаңа ядролық қаруды сынап көрді

Солтүстік Корея жаңа ядролық қаруды сынап көрді

Солтүстік Корея билігі АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның жаттығуларына жауап ретінде Haeil-5-23 су астындағы ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

- 15 қаңтардан бастап үш күн бойы америкалық атом тасымалдаушысы Carl Vinson, көпфункционалды Aegis жауынгерлік жүйесімен жабдықталған Princeton крейсері, Жапонияның өзін-өзі қорғау отряды әскери-теңіз күштерінің кемелері мен Корея Республикасының әскери-теңіз күштері Чеджу аралының айналасындағы теңізде біріккен теңіз жаттығуларын қайта өткізді, - деді ЦТАК. — Бұған жауап ретінде КХДР Ұлттық қорғаныс Академиясы жанындағы суасты қару-жарақ жүйелері институты Шығыс теңізінің су айдынында әзірленіп жатқан "Хэил-5-23" ядролық қаруының суасты жүйесін сынақтан өткізді.

2023 жылдың 24 наурызында «Корея дауысы» радиосы КХДР 21-23 наурыз аралығында жарылыстан кейін радиоактивті цунами тудыруы мүмкін ядролық зарядты тасымалдауға қабілетті жаңа суасты қаруын сынақтан өткізгенін хабарлаған болатын. Оның миссиясы - су астында жасырын жүзу арқылы ауыр радиоактивті цунами тудырып, жаудың кемелер тобы мен портын жою.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде