Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан нығайып жатыр
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
Фото: pexels.com
16:01 19.01.2024
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,68 теңгеге төмендеп, 1 доллар 450,04 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 451,80 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 450,5 теңге, сатып алу – 452,7 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450 теңгеден болса, сатып алу – 452 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,95 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,92 – 5,07 теңгеден сатылуда.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!