«Макао» ойынханасында заңсыз онлайн-казино ұйымдастырылғаны анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері заңды деп саналатын «Макао» ойын мекемесінде онлайн-казиноны заңсыз ұйымдастыру фактісін анықтады.
Фото: Видео кадры
18:32 19.01.2024
Онлайн-казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, қолданыстағы заңнамада белгіленген ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға ставка қоюға, яғни ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген. Ойындар «Макао» казиносының ғимаратында жүргізілген.
«Ағымдағы жылғы қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізді, оның барысында: 225,5 млн теңге, 15 мыңнан астам еуро, 719 мың рубль, 34 мың юань, 38,5 мың АҚШ доллары, ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелік блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнерегистраторлар табылып, тәркіленді», — деп жазды агенттіктен.
Тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!