{metadescription}
Бүгін 7 қалада ауа сапасы бұзылады

Бүгін 7 қалада ауа сапасы бұзылады

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 20 қаңтар күні Астана, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент қалаларында және түнде Петропавл қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Еліміздің өзге шаһарларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде