{metadescription}
Мектеп жатақханасындағы өрттен 13 адам қаза болды

Мектеп жатақханасындағы өрттен 13 адам қаза болды

Орталық Қытайдың Хэнань провинциясында орналасқан Наньян қаласы Фэнчан уезінде жұма күні түнде болған өрттен 13 адамның мерт болғаны расталды, деп мәлім етті жергілікті билік өкілдері.

Бұл туралы Қытайдың Синьхуа агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, жұма күні сағат 23:00 кезінде өртпен күрес қызметіне Яньшаньпу ауылындағы Инцай мектебінің жатақханасынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Құтқарушылар бірден оқиға орнына жетіп, өрт 23:38-де сөндірілді.

Бір адам жарақат алып, қазіргі таңда ауруханада ем алып жатыр, жағдайы тұрақты. Осы уақытта өрттің себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде