Канвон-2024: Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті
Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды, деп жазады Olympic.kz.
Фото: Сали Сабиров
14:51 20.01.2024
Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орынын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты.
Екінші орында австриялық Никки Хамл, үшінші сатыда польшалық Лукас Лукащук.
Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін жасөспірімдер қысқы Олимпиадасында алтын медаль алмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!