{metadescription}
Бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді — Қазгидромет
Қазгидромет мамандары 22 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Фото: Freepik
08:34 22.01.2024
Республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашын жаумайды.
Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын, көбіне қар жауады.
Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!