Көшкін салдарынан 47 адам үйінді астында қалды
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының ауылдық елді мекендерінде көшкін салдарынан 47 адам үйінді астында қалды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы (CCTV) хабарлады.
Фото: istockphoto.com/
14:50 22.01.2024
CCTV мәліметінше, төтенше жағдай Юньнань провинциясының Чжэньсюн уезінде Бейжің уақытымен сағат 05:51-де болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан 18 үй шаруашылығы опырылып, шамамен 47 адам жер астында қалуы мүмкін деп шамаланып отыр.
Қауіпсіздік мақсатында 500-ге жуық жергілікті тұрғын эвакуацияланды.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Билік жоғалғандарды іздеуге 50-ден астам арнайы техника мен 300-ден астам маманды жұмылдырды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!