Рзабек Меңдіқұлов Шымкент энергетика басқармасының басшысы болып тағайындалды
Қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы лауазымына Рзабек Балтабекұлы Меңдіқұлов тағайындалды.
Фото: Шымкент әкімдігі
15:41 22.01.2024
Рзабек Балтабекұлы 1988 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік академиясын бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі — химиялық технология мен биотехнология.
2011-2014 жылдары Мәскеу қаласындағы мұнай компанияларында жауапты қызметтер атқарған.
Энергетика министрлігінде басқарма басшысы, Президент Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты, мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.
Ал 2023 жылдың 14 қарашасынан бүгінге дейін «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры қызметін атқарып келді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!