Алматыда автобус жүргізушілері жолаушалардан оқшауланады
Алматы автобустарында жүргізуші отыратын жер қоршалатын болады, деп хабарлайды kazinform.
16:52 22.01.2024
«Дабыл түймесіне келер болсақ, бізге ұсыныс түсті. Қазір техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр, егер болашақта мұны жасауға мүмкіндік болса, әрине, іске асырамыз. Бұл мәселе әлі де талқылануда. Сондай-ақ қазір жаңа автобустар сатып алынып жатыр, жүргізуші мен жолаушы арасына қалқа орнатуды жоспарлап отырмыз», - деп жауап берді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев журналистермен кездесу барысында.
Басқарма басшысы бұл мәселелер 2023 жылдың желтоқсанында болған апаттан кейін қарастырыла бастағанын атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!