Қарағандыдағы өрт кезінде 20 адам құтқарылды
22 қаңтар күні сағат 02-21-де Қарағанды қаласында 3 қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
18:06 22.01.2024
Аймақтағы ТЖД мәліметінше, өрт 03-09-да сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері құтқару қалпақтары арқылы 20 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды.
«Өрт орнында құтқарылған адамдарға жылыту пункті ұйымдастырылды.
Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі — электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу», — деп жазды ведомстводан.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!