{metadescription}
Қатты суықтан 83 адам қаза тапты

Қатты суықтан 83 адам қаза тапты

Синоптиктер алдағы күндері АҚШ-тың үштен екі бөлігінде температура айтарлықтай төмендеп, қар аралас нөсер жауатынын болжады. CBS News соңғы аптада АҚШ-та ауа райына байланысты 83 адам өлімі тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды Kazinform

Ұлттық ауа райы қызметі (NWS) сенбіде соңғы күндері АҚШ-тың көп бөлігін қамтыған қысқы дауыл мен аяз келесі аптаның соңына дейін сақталуы мүмкін деп мәлімдеді.

Теннессиде 19 адам ауа райының қолайсыздығынан, ал Орегон штатында 16 адам қайтыс болды. CBS хабарлауынша, қалған адам өлімі басқа сегіз штатта, соның ішінде Иллинойс, Пенсильвания, Миссисипи, Вашингтон, Кентукки, Нью-Йорк және Нью-Джерсиде болған.

Соңғы аптада Тынық мұхитының солтүстік-батысы мен елдің оңтүстік аймағының бөліктері қатты қысқы ауа райынан зардап шекті. Бұл аймақтарда жылуға рекордтық көлемде табиғи газ бен электр қуаты пайдаланылған.

Сенбі күні Парсы шығанағы бойындағы кең аумақта, Техас пен Луизиананың шығысынан Миссисипидің, Алабаманың көп бөлігіне және Флорида мен Джорджияның кейбір бөліктерінде қатты аяз болды.

Жексенбі күні кешке дейін Ұлы көлдердің оңтүстігінде және орталық Аппалачия мен солтүстік-шығыс аудандарында қар жауады.

Сонымен бірге Тынық мұхитының солтүстік-батысының көп бөлігінде аяз болып, жаңбыр жауады деп күтілуде. Сьерра-Невада тауларында қар жауып, Калифорнияның солтүстігінде төменгі биіктікте қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болуы мүмкін. Нөсер Оңтүстік Калифорнияға да жетеді беген болжам бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде