Наурыз айына пойыз билеттері ақпаннан бастап сатылады – ҚТЖ
Еліміздегі теміржолдарды жөндеу жұмыстарына байланысты пойыздардың қозғалысына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
20:08 22.01.2024
«Биылға жоспарланған теміржолдарды жөндеу ауқымын ескере отырып, қазір пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету жүргізілуде. Наурыз айына пойыз билеттерін сату ақпанда ашылады», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, қаңтар және ақпан айына пойыз билеттері әдеттегідей сатылып жатыр.
«Жолаушылар пойыздардың қозғалыс кестесі бойынша қосымша ақпаратты «1433» нөміріне тегін қоңырау шалып біле алады. 2024 жылы шамамен 1 400 шақырым теміржолды жөндеу жоспарланып отыр», - дейді ҚТЖ-дан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!