QR код арқылы банкаралық төлемдер 2024 жылдың соңында қолжетімді болады
ҚР Ұлттық банкі QR-код арқылы банкаралық төлем қызметін іске қосу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Kazinform.
21:00 22.01.2024
"Қазақстанда төлем QR-кодын генерациялаудың бірыңғай әдіснамасын және оларды жасау үшін қажетті деректемелердің ең аз құрамын айқындайтын ұлттық QR-код стандарты қолданылады. Ұлттық стандарт QR-кодты құруға арналған ережелер жиынтығы, ал QR-код бойынша төлемдерді жүргізу (транзакцияларды өңдеу) банкішілік жүйелерде де, банкаралық деңгейде де жүзеге асырылады", - делінген банктің хабарламасында.
QR-код бойынша төлемдер сервисі бірқатар банктерде банкішілік деңгейде қолжетімді. QR-код арқылы банкаралық төлемдер сервисін іске қосу 2024 жылдың соңына жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!