{metadescription}
Бішкекте жер сілкінісінің сезілуі 6 балл болды
Қырғызстан астанасының тұрғындары жергілікті уақытпен сағат 00:09-да жер сілкінісін сезінді.
01:26 23.01.2024
Бұл туралы “Кабар” агенттігі хабарлайды.
Сейсмологиялық станциялар мәліметі бойынша зілзала ошағы елдің Қытаймен шекарасында, Ыстықкөл облысы аумағында болған. Бұл тұста дүмпу күші 7 балдан асқан.
Нарын мен Қаракөлде қатты дүмпулер сезілген. Бішкекте сезілуі 6 балл шамасында болған. Агенттік ақпаратына сәйкес, азғантай уақыттан соң жер қайта сілкінген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!