Әлихан Смайылов: Халықты құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмады
Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматыдағы сілкінісі кезінде халықты құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын айтты.
Фото: primeminister.kz
11:03 23.01.2024
«Көргеніміздей, ТЖМ-нен бастап әкімдіктерге дейін мемлекеттік органдардың бүкіл қызметтері болған оқиғаға әрекет ете білді. Бақытқа орай, қаза болғандар мен салмақты шығын жоқ. Бірақ зардап шеккендер бар», — деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр шұғыл жағдайда халықты құлақтандыру қызметі әлсіз болғанын сынады.
«Адамдар уақтылы ақпараттандыру мен айқын әрекет болмағандықтан байбаламға бой алдырды. Олар 2, 3-қабаттан секіріп, ойсыз әрекеттерге барды. Бұл құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын, халыққа барынша ерте хабарландырулар таратып, хабарландыру керек болғанын көрсетеді», — деді Әлихан Смайылов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!