{metadescription}
Алматыда тағы екі жер сілкінісі болды

Алматыда тағы екі жер сілкінісі болды

Алматыда бүгін таңертең бірінен соң бірі тағы екі жер сілкінісі болды. 

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Бірінші дүмпу таңғы сағат 09:52 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.5. MPV магнитудасы — 5.2. 

Алматыда 2 балл көлемінде сезілген. 

Екіншісі де таңғы 10:01 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді.

Энергетикалық санаты — 11.9. MPV магнитудасы — 5.3.

Оны да алматылықтар 2 балл көлемінде сезді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде