Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
14:08 23.01.2024
Оқиға кеше кешкісін болды. Сағат 18:30 шамасында үйінен өз-өзіне қол жұмсаған 11-сынып оқушысының мәйіті табылған.
Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, марқұмның сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған.
Сабақ үлгерімі де қанағаттанарлық.
«Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген басқарма ақпаратында.
Ал, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай Еңбекші аудандық полиция басқармасында тіркелгендігін мәлімдеді.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық экспертиза тағайындалған.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!