{metadescription}
Доллардың ресми бағамы айтылды

Доллардың ресми бағамы айтылды

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,43 теңгеге төмендеп, 1 доллар 446,03 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 448,61 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 445,9 теңге, сатып алу – 448,1 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446 теңгеден болса, сатып алу – 450 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,97 – 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,92 – 5,07 теңгеден сатылуда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде