{metadescription}
ШҚО-да боранда адасқан екі адамның бірі көз жұмды

ШҚО-да боранда адасқан екі адамның бірі көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында боранда адасқан екі адам табылды. Оның бірі көз жұмды, ал екіншісінің аяғы үсіп кеткен.

Оқиға жергілікті сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған Күршім ауданында болған. Маралды ауылдық округінде екі адам боранда қалған.

«Үшбұлақ ауылынан атпен қайтып келе жатқан ер адамдар қарлы боранда адасып қалды. Оның бірі көз жұмып, екіншісінің аяғы үсіп кетті. Қазіргі уақытта оған санитарлық авиациямен дәрігерлер көмекке шықты. Ер адамды Өскемендегі медициналық мекемеге жеткізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство дерегінше, санитарлық авиация бригадасының құрамында реаниматолог Александр Патрин мен фельдшер Лариса Величко бар. 

Дереккөз: Kazinform
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде