{metadescription}
COVID-19 вирусына шалдыққандар саны өсті

COVID-19 вирусына шалдыққандар саны өсті

11 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші алдыңғы төрт аптамен салыстырғанда 4%-ға өсті, бұл ретте науқастардың ең көп саны Ресейде анықталған – 225 198. Сонымен бірге, әлемде өлім-жітім орта есеппен 26%-ға төмендеді, делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) хабарласында.

ДДҰ мәліметінше, төрт апта ішінде әлемде вирус жұқтырудың 1 113 726 жағдайы және одан болған 8 700 өлім саны тіркелді. Ауруханаға жатқызылғандар саны 40 пайызға өсіп, 28 күнде 173 мыңнан асты, жансақтау бөлімшелеріне түскен науқастар саны 13 пайызға (барлығы 1,9 мыңға жуық) өсті. Вирустың әлемде ең көп таралған штамы – JN.1.

ДДҰ деректері аймақтарда ауруға шалдығу және өлім-жітімнің әркелкі көрінісін көрсетіп отыр. Оңтүстік-Шығыс Азияда ковид жұқтыру жағдайларының саны төрт аптада 379%-ға, ал өлім-жітім бес еседен астамға өсті.

Батыс Тынық мұхиты аймағында ауруға шалдыққандар саны 77%-ға көп болса, өлім-жітім 45%-ға азайды.

Еуропада қауіпті вирус жұқтыру көрсеткіші 13%-ға, ал өлім-жітім 3%-ға төмендеді.

Америка аймағында ауруға шалдығу көрсеткіші 18%-ға, өлім саны 41%-ға төмендеді.

Шығыс Жерорта теңізінде 13%-ға аз адам ауырып, одан қайтыс болғандар саны 53%-ға азайды.

Ресей Федерациясынан басқа, коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары ең көп тіркелген бес елдің қатарына Сингапур (174 643), Италия (163 599), Грекия (68 590) және Малайзия (67 206) кіреді. Вирустан болған ең көп өлім саны Италияда тіркелді – 1016. Одан кейінгі орында Ресей (679), Польша (543), Швеция (446) және Грекия (322) тұр.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.