{metadescription}
Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Сарқытбай Зәкірұлы Құсаинов тағайындалды. 

Полиция полковнигі Құсайынов 1973 жылдың 22 қыркүйегінде Алматы қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1995 жылдан бастаған.

Еңбек жолын жедел уәкілден бастаған ол әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Осы уақытқа дейін ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары болды. 

Естеріңізге сала кетейік, Департаменттің жеке құрамы арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту және облыс аумағындағы жедел жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында 2023 жылдың 15 қарашасынан бастап ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауымен өңір полициясын уақытша Арман Саданов басқарды.

Қазіргі уақытта полиция генерал-майоры Арман Саданов ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментін басқаруда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде