{metadescription}
Алматы облысында зілзаладан кейін 19 нысанда жарықтар табылды

Алматы облысында зілзаладан кейін 19 нысанда жарықтар табылды

Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда. 

Бұл туралы ТЖМ хабарлайды.

Жедел желі телефондарына азаматтардан 800-ден астам қоңырау келіп түсті.

Алматы облысының аумағында 19 объектіде жарықтар табылды.

”Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.