Ақша айырбастау орындарында доллар арзандап, теңге нығайды
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 444-448 теңгеден саудаланып жатыр.
09:08 24.01.2024
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445,1-447,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 444-448 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 24 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 446,03 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,92-5,07 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 23 қаңтар күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,84 теңгеге төмендеп, 445,62 теңге болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!