Елордалық өрт сөндірушілер ірі өртті жойды
Астаналық ТЖД 1200 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды ауыздықтады.
10:41 24.01.2024
23 қаңтарда сағат 21:20–да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайында тұтанған өрт туралы хабарлама алды.
«Сағат 21.26-да шақырудың жоғары дәрежесімен жеткен мамандар жиһаз жасайтын өндірістік цехта 1200 шаршы метр алаңда жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке-техникалық бұйымдар жанып жатқанын анықтады. Жедел түрде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттері өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуын болдырмады. Өрт сөндірушілердің күшімен жалын сағат 22.40-та оқшауланып, сағат 23.19-да жойылды», — деп жазды ТЖД-дан.
Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 93 адамы мен 18 техникасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!