{metadescription}
Оралда құбыр жарылып, көшені су басты

Оралда құбыр жарылып, көшені су басты

Орал қаласында құбыр жарылып, көшені су басты.

«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, апат М.Ықсанов көшесінде болып, диаметрі 400 мм құбыр жарылды.

«Қазіргі кезде оқиға орнында бригадалар жұмыс жасап жатыр. Апатқа байланысты Әбубәкір Кердері көшесі бойындағы көпқабатты 127/1, 127, 125/1, 125, 121, 104, 106/1, 112, 120, 127, Сарайшық көшесі 79/1, Л.Толстой көшесі 72, 91, Мұхит көшесі 67/1 және 57/1-үй, сондай-ақ осы маңдағы жеке үйлер сусыз қалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындар аталмыш көшені су басқанын хабарлап, фото мен бейнежазбаларды жіберіп жатыр.

Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. 

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.