Атырау облысында 15 күн бұрын жоғалған ер адам әлі табылған жоқ
Атырау облысы Жылыой ауданында 9 қаңтарда жіз-түзсіз жоғалып кеткен ер адамды іздестіру жұмысы әлі жалғасып жатыр.
16:28 24.01.2024
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, 39 жастағы ер адамнан 9 қаңтардан еш дерек болмай тұр.
Ер адам Құлсары қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан Ақкиізтоғай елді мекенінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Оның осы кезге дейін кері оралмағаны анықталып отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Жылыой ауданындағы №2 өрт сөндіру бөлімінен 3 қызметкер, 1 техника, аудандық полиция бөлімінен 5адам, 1 техника, жергілікті тұрғындардан 4 адам, 1 техника тартылған.
«Облыс тұрғындары мен қонақтарына ауа райы болжамын мұқият зерделеуді ескертеміз. Егер «112» қызметінен дауылды ескерту хабарланса, елді мекендерден алыс жолға шықпаған жөн. Қыс айларында қажетті сақтық шараларын сақтау қажет», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!