{metadescription}
Жетісу облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы KazAvtoJol жазды.
19:20 24.01.2024
Жетісу облысының «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының 84-184 км, Көктұма станциясынан-Достық станциясына дейінгі аралықта көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 706 бірлік техника және 1412 жолшы жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!