Ақша айырбастау орындарында доллар 446-450 теңгеден саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446– 450 теңгеден саудаланып жатыр.
Фото: Kazinform
09:33 25.01.2024
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446,9 – 449,3 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 446 – 450 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 25 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 445,43 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,04 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,97 – 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,9 - 5,1 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 24 қаңтар күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,15 теңгеге қымбаттап, 445,77 теңге болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!