Павлодарда жолда мас күйде құлаған азаматты көлік қағып мерт қылды
Алдын ала болжам бойынша ол жаяу жүргіншілер жолында мас күйде құлап жатқан болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптама оқиғаның ақ-қарасын тексеруде.
11:22 25.01.2024
Павлодар облысы Успен ауданында «Газель» автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында жан тапсырған. Мамандар оның мас болып, жол үстінде жатуы мүмкін екенін айтып отыр.
- Оқиға Успен ауылында, Гагарин-Чехов көшелерінің қиылысында болған. Болжам бойынша қайтыс болған азамат мас күйінде жолда жатқан. Жол - көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,-деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Тағы бір жол-көлік оқиғасы Атамекен-Ертіс-Русская поляна автожолында тіркелді. «Мерседес» жеңіл көлігі «Volkswagen» көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан соңғы аталған көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Екі оқиға бойынша да полиция тексеру шараларын жүргізуде.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!