Еліміздегі бірнеше қаласында әуежай салынып жатыр
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен өткен шағын авиацияны дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте белгілі болды.
Фото: freepik.com
15:23 25.01.2024
Жиналысқа Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімдіктерінің, «Жетісу» және «Южное небо»әуекомпанияларының, сондай-ақ Үшарал, Үржар және Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында шағын авиацияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
«Кеңес қорытындысы бойынша Көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Катонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежайлардың құрылысы және оларды реконструкциялау мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды», - деп жазды ведомстводан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!