Астанада екі мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Өткен жылы Астанада 1 909 адамға қандас мәртебесі берілді.
Фото: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
18:02 25.01.2024
Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Илья Скуб айтып берді.
«Өткен 2023 жылы 1 301 адамға қандас мәртебесін беру жоспарланды және нәтижесінде 1 909 адам (ерлер – 997, әйелдер – 912) бұл мәртебені алды. Оның ішінде: Өзбекстаннан – 810, Ресей Федерациясынан – 483, ҚХР – 465, Моңғолиядан – 108, Қырғызстаннан – 20, Түрікменстаннан – 14, Тәжікстаннан – 1, Ұлыбританиядан – 2, Ауғанстаннан – 1, Түркиядан – 2, Украинадан – 2 және Ираннан – 1 адам бар», - деді Илья Скуб қалалық мәслихат отырысында.
Спикер 2023 жылдың 1 шілдесінде бизнес-иммигранттар болып саналатын этникалық қазақтар немесе сұранысқа ие кәсіптері бар адамдар үшін азаматтығын жоғалтпай «Ата жолы» картасын беру функциясы енгізілгенін еске салды. Карта иелері 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады.
Оның деректері бойынша, 2023 жылы «Ата жолы» картасы 21 адамға берілді: 7 – бизнес-иммигранттар, 14 – сұранысқа ие мамандықтары бар адамдар. Олардың ішінде Ресей Федерациясынан – 12, Моңғолиядан – 4, Түрікменстаннан – 1, Германиядан – 1, Түркиядан – 1, Аустриядан – 1, Израильден – 1 этникалық қазақ бар. Сондай-ақ 6 этникалық қазақтың өтінімі қабылданбаған.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!