{metadescription}
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2,4 трлн теңгеге медициналық қызметтер сатып алады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2,4 трлн теңгеге медициналық қызметтер сатып алады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Айдар Нұралиев 2024 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу науқанының қорытындысын айтып берді. 

Сатып алу науқанын жетілдіру аясында денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді есепке алу мен сатып алу қағидаларына елеулі өзгеріс енгізілген.

«Біріншіден, өңірлік комиссиялар күшейтілді. Енді денсаулық сақтау басқармасының лауазымы орынбасардан төмен емес өкілі комиссия төрағасының орынбасары болады. Сонымен қатар олардың құрамына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің өкілдері кірді. Екіншіден, саны 1 500 адамнан кем медициналық-санитарлық алғашқы көмек субъектілері үшін және тәжірибесі 1 жылдан асатын, 3 000 адамнан кем емес ұйымдар үшін қызметтерді сатып алуға қатысуға шектеулер енгізілді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық дөңгелек үстелде.

2023 жылдың желтоқсанында медициналық ұйымдардан өтінімдер қабылданды және нәтижесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1 921 медициналық ұйыммен келісімшарттар жасады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 56 ұйымға аз. Оның 64%-ы немесе 1 214-і – жеке клиникалар. Жалпы жеткізушілерге биыл 2,4 трлн теңге бөлінген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.