Ақтөбеліктерді үрейде ұстаған шетелдің 18 жастағы тұрғыны болып шықты
Ақтөбе қаласының мектептеріне қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқан күдікті анықталды. Ол жақын шетелдің 18 жастағы азаматы болып шықты.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
21:00 25.01.2024
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ, деп жазады kazinform.
– Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!