{metadescription}
Қостанайда көбік кешінде тоқ соғып көз жұмған кішкентай қыздың ісі сотқа жетті

Қостанайда көбік кешінде тоқ соғып көз жұмған кішкентай қыздың ісі сотқа жетті

Қайғылы оқиға өткен жылдың жазында Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында болған еді. 

9 жасар қызды көбік кешінде электр тогы соққан. Қостанай облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын және істің сотқа жеткенін хабарлады, деп жазады kazinform.

Ведомство сот отырысы өтетін баптың санкциясы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін мәлімдеді.

Айыптау актісімен қылмыстық іс Ұзынкөл аудандық сотына келіп түсті.

— Айыпталушының іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда адам өліміне әкеп соққан тауарларды шығару немесе сату, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету) бойынша сараланған, — деп нақтылады прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында көбік кешінде кішкентай қызды тоқ соққанын хабарлаған едік.

— 25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне орай көбік кеші өткен. Онда 9 жасар қызды тоқ соқты. Іс-шарада кезекшілік еткен дәрігерлер оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінен.

Кейін тоқ соққан қызды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары емдейтіні белгілі болды.

Мекеме жетекшісі Данияр Жандаевтың айтуынша, кішкентай қыз Ұзынкөл аудандық ауруханасына өте ауыр жағдайда түскен.

Екі аптадан астам уақыт өткенде тоқ соққан кішкентай қыздың қайтыс болғаны хабарланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде