Алматыда тағы да жер сілкінді
Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінгенін сезді.
Фото: Александр Павский/Kazinform
15:04 26.01.2024
Зілзаланың ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым қашықтықта Қытай аумағына болды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС бүгін (Гринвич бойынша 26 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 14 сағат 17 минут 56 секундта) жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың энергетикалық класы 11.1. Магнитудасы 4.9 MPV. Бағыты 41.09° с.е. 78.49° ш.б. жатыр. Тереңдігі 5 км. nОшағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 км қашықтықта Қытай аумағына жатыр.
«Алматыда жер дүмпуі 2 балдық болды. Қала тұрғындарына сезілді», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!