{metadescription}
Қарағанды маңында ірі жол апаты болды

Қарағанды маңында ірі жол апаты болды

Қарағанды-Теміртау тас жолында автобус пен 16 жеңіл көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform.

– 26 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында Қарағанды-Теміртау тас жолында ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көліктің бір-біріне соқтығысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен екі адам Теміртау қаласындағы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Қарағанды облысы жол полициясы басқармасының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Оқиға кезінде автобуста үш жолаушы мен екі жүргізуші болған.

Жаппай апаттан кейін жолдың бір бөлігін жауып, көлік қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданды. Ал жол үстіндегі көліктер полицияның сүймелдеуімен Теміртауға дейін жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде